Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сарапшы: ҚР Президентінің үндеуі көпшіліктің арманын ақиқатқа айналдырары сөзсіз

Бұл –әрбір адам мен бала-шағасын «үйлі-жайлы қылам» деп жүрген ата–ана үшін күтпеген қуаныш», – дейді өзбекстандық депутат.

Сурет : 24.kz6 Наурыз 2018, 15:17

Қазақстан Президентінің бес бағытқа негізделген үндеуінде тұрғын үйге басымдық берілген, деп жазады Хабар 24 арнасы.

«Бұл –әрбір адам мен бала-шағасын «үйлі-жайлы қылам» деп жүрген ата–ана үшін күтпеген қуаныш», – дейді өзбекстандық депутат. Оның айтуынша, бұл – дүйім жұрттың көкейін күпті еткен мәселе. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған үндеуі жалпыға ортақ. Жас та болса талай іске мұрындық болып жүрген Расул Кушербаев тарихи отанындағы әрбір жаңалықты қалт жіберген емес. Бәрін тыңдап, ой елегінен өткізіп отырады. «Көпұлтты Алаш жұртының ауыз бірлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемде жоқ институт. Қос ел басшысының дәстүрлі Жолдауы мен ұлттың болашағы үшін жасалған түрлі бағдарламалары бауырлас елдердің экономикасының ілгерілеуіне негіз болып келеді. Ал бұл жолғы Елбасының тың бастамасы тікелей ел игілігіне арналған оптимистік жоба», – деп атап өтті ол.

Расул Кушербаев, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің депутаты:– Президенттің әсіресе жас отбасыларды баспанамен қамту бойынша «7-20-25» атты бағдарламасы – өте құптарлық іс. Бұл жаңадан шаңырақ көтерген жұптармен қатар үйлі-жайлы болуды армандап жүрген жағдайы төмен отбасыларға қолдау болады деп ойламын. Бұл тұрғыда Қазақстан Президентінің үндеуі көпшіліктің арманын ақиқатқа айналдырары сөзсіз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер