Әлеуметтік желіде мектепке қабылдау туралы өтінішке қатысты жалған ақпарат тарады
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде жалған хабарламалар тарату тоқтар емес. Сондай хабарламалардың бірі мектепке қабылдау туралы өтініште «ана» мен «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» болып ауыстырылатыны туралы ақпарат. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды stopfake.kz.
Қазнет пайдаланушыларының айтуынша, биыл баланы мектепке қабылдау туралы өтініш нысанында «анасының ЖСН» және «әкесінің ЖСН» жазылатын жолдарға «бірінші ата-ананың ЖСН» және «екінші ата-ананың ЖСН» деп жазылған. Бұл өтірік, – деп жазды сайт журналистері.
Министрліктің мәлімдеуінше, баланы мектепке қабылдау туралы өтініште ата-анасының біреуінің ғана ЖСН-ін көрсету қажет.
Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ата-аналар нөмірленбеген. Құжаттарды толтыру кезінде бұрынғыдай «ата-ана» немесе «заңды өкіл» деп жазылады.ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі
Еске салсақ, 1 сәуірден бастап Қазақстан мектептері болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарынан құжаттарды қабылдауды бастады. Қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript