Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде жәрдемақы көлемін 30 мың теңгеге ұлғайту туралы жалған ақпарат тарады

Жалған ақпарат, фейк, мемлекеттік жәрдемақы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 15:57 Сурет: Zakon.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы көлемін 30 мың теңгеге ұлғайту туралы желіде тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
1, 2, 3-топтағы мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда бала кезінен мүгедектерге берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 30 мың теңгеден астам сомаға ұлғайтылғаны туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ведомство мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне байланысты болатынын ескертті.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты индекстеледі. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 5%-ға арттырылды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Министрлік инфляция дәлізін 4-6% дан 8-10%-ға дейін қайта қарауға байланысты жәрдемақыларға қосымша индекстеу жүргізу жоспарланып жатқанын атап өтті.

Жоғары мөлшердегі жәрдемақыларды төлеу мемлекет басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады, оның жобасы қазіргі уақытта ҚР парламенті сенатында қаралуда. Бұл ретте өткен уақыт үшін ағымдағы жылғы сәуірден бастап жәрдемақылардың жаңа мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақы төленетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: