Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астаналық мүгедектер экстракорпоралды ұрықтандыруға арнайы квота бөлуді сұрап отыр

Астанада бала сүйе алмайтын отбасыларға жыл сайын 50-ге жуық квота бөлінеді.

Сурет : www.i-sonnik.ru7 Наурыз 2018, 10:03

Астананың «Независимая жизнь» DOG қоғамдық бірлестігі қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан арбаға танылған мүгедектер үшін экстракорпоралды ұрықтандыруға арнайы квота бөлуін сұрап отыр, деп хабарлайды Елорда инфо.

«Біздің «Независимая жизнь» DOS қоғамдық бірлестігінің мүшелері негізінен арбаға танылған мүгедектер, тірек қимыл мүшелері зақымданған азаматтар. Қазіргі күні көптеген арбадағы мүгедектер белсенділік танытып, түрлі салада жұмыс істеп жүр, спортпен де шұғылданады. Көбі үйленіп, отбасын құрып жатыр. Айтайын дегенім, бізде физикалық жолмен бала сүйе алмайтын отбасылар бар. Осы орайда ЭКҰ орталықтарына мүгедектерге арналған арнайы квота бар ма?», - деді «Независимая жизнь» DOG қоғамдық бірлестігінің бас маманы Ардақ Отарбаев мәслихатта өткен қоғамдық тыңдауда.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың айтуынша, Астанада бала сүйе алмайтын отбасыларға жыл сайын 50-ге жуық квота бөлінеді.

«Квота бар. Бірақ ол бәріне бірдей жете бермейді. Астанаға жылына 50-ге жуық квота бөлінеді. Ал ол жеңілдікке ие болғысы келетіндер саны бірнеше мың. Жеңілдікті бөлу кезінде үміткерлерді іріктеу кезінде мүгедек немесе мүгедек емес деп бөліп жармаймыз. Нақты медициналық көрсеткіштер бар: ЭКҰ циклының сәттілігін анықтайтын арнайы көрсеткіштер бар. Сол көрсеткіштерді бағалай келе біз тізімді бекітеміз. Ол үшін арнайы комиссия бар», - деді Камалжан Надыров.

Бұған қоса басқарма басшысы ЭКҰ квотасын бөлетін комиссия құрамын кеңейтіп, кезекті электронды форматқа көшірілетінін айтты.

«Кезекті электронды форматқа көшіріп, онлайн режимде бақылап отыратын боламыз. Бұл мәселені қарастыруға дайынбыз. Бірақ квота өте аз», - деді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер