Жаңалықтар тізбегі
0

ЭКО арқылы туған бала болашақта табиғи жолмен дүниеге сәби әкеле алады ма

Жасанды жолмен ұрықтандыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2023 00:01 Сурет: unsplash
Елімізде жыл сайын жасанды ұрықтандыру әдісіне 7 мың квота бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қоғам арасында ЭКО арқылы туған балалардың ұрпағы болмайды деген де жаңсақ пікір бар. Осыдан 26 жыл бұрын жасанды ұрықтандыру жолымен анасының құрсағына біткен Алеся Ли сөзімізге дәлел. Бүгінде ол баласын табиғи жолмен дүниеге әкелген аяулы ана атанып отыр", деп хабарлайды Almaty.tv.

"Анам мені ЭКО арқылы дүниеге әкелді. Қазақстанда жасанды ұрықтандыру бойынша дүниеге келгендердің алғашқысының бірімін. Көпшіліктің ойынша, мен сияқты балалар дүниеге табиғи жолмен сәби әкеле алмайды-мыс. Бірақ мен 2019 жылы қарапайым аналар секілді жүкті болып, баламды құшағыма алдым", – дейді қала тұрғыны Алеся Ли.

Бүгінде әлемнің бірқатар елінде жастарды некеге тұрар алдында толық денсаулық тексеруінен өтуге заң жүзінде міндеттейді. Отау құрғысы келетіндер дәрігерге қаралып, қандай да бір сырқатының бар-жоғын анықтайтын анализдер тапсыруы тиіс. Ал өзге мемлекеттегі міндетті заң біздің елде кенже қалып тұр. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай шешім бедеуліктің алдын алуға үлкен мүмкіндік болар еді.

"Негізі адамда он мыңға жуық моногендік ауру бар. Оны біз біле бермейміз, жиі кездесетіндері солардың 300-ге жуығы. Оны анықтау үшін қан тапсырады. Үш аптаның ішінде генетикалық лаборатория тұжырым береді", – деді биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Байқошқарова.

Бедеулікке қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген мамандар ендігіде қазақстандық репродуктивті медицинаға жаңалық пен тың технология енгізуді мақсат еткен. Елімізде алғаш рет жасанды интеллект арқылы бедеулікті емдеудің заманауи әдістері қолданылмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: