"Аңсаған сәби": 4,5 мыңнан астам сәби дүниеге келді
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
"Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 2022-2023 жылдары 19 000-нан астам әйелге экстракорпоралды ұрықтандыру жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде экстракорпоралдық ұрықтандыру арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген.
"Аңсаған сәби" бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 2022-2023 жылдары ЭКҰ 19 000-нан астам әйелге жүргізілді, 7 000-нан астам әйел жүкті болды, 3 800 отбасында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді, 2 500 жүкті әйел баласын дүниеге әкелмекші.
2023 жылға өңірлер бөлінісінде барлық 7 000 квота бөлінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript