Жаңалықтар тізбегі
0

"Аңсаған сәби": Нұр-Сұлтанда ЭКҰ-ға 486 квота бөлінді

sputnik.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2021 16:22 sputnik.kz
"Аңсаған сәби" әлеуметтік бағдарламасы басталды.

2021 жылдан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда "Аңсаған сәби" әлеуметтік бағдарламасы басталды. Бағдарламаның мақсаты - қосалқы репродуктивті технологиялардың (ҚРТ) көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу. Себебі, бала сүйе алмау - медициналық қана емес, әлеуметтік мәселе, отбасылық мәселе.

2021 жылы Медициналық сақтандыру қоры алдын ала 6,2 млрд теңге сомасына 7000 экстракорпоральды ұрықтандыру (бұдан әрі – ЭКҰ) циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Биыл жасанды ұрықтандыру шараларын жасауға бөлінетін квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есе өсті (өткен жылы 1105 ЭКҰ қызметі көрсетілді). Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЭКҰ бағдарламасын 2018 жылдан қаржыландырып келеді, 2018 жылы ТМККК шеңберінде 902 цикл, 2019 жылы да осы көлемде қаржыландырылды, – деп хабарлайды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, репродуктивті технологияны қолдану арқылы жүргізілген шаралар нәтижесінде 45-60% жағдайда әйелдер бала көтереді. Біздің елімізде ЭКҰ жүргізу тиімділігі орта есеппен 15%-дан 42% -ға дейін өсті. Бала туу (take baby home) фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші 30% деңгейінде, бұл еуропалық ең жақсы деген клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.

Қазақстанда ЭКҰ бағдарламасына 2021 жылы бөлінген квота саны 7000-ға дейін көбейді. Бұл квота беру көрсеткіштерін кеңейтуге, оларды алу кезегінің азаюына мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде 11030 әйел бедеулікпен есепте тұр.

Нұр-Сұлтан қаласында бедеулік бойынша есепте тұрғандар саны – 1331. Біздің отбасын жоспарлау бөлімшесі ҚРТ көрсету – ЭКҰ-ға дайындау жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіру орталығы ретінде жетекші ұйым болып табылады. Биылғы жылы елордаға 486 квота бөлінді. Әзірге 200 квота беріліп, пациенттер дайындалуда. Осы жылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары бұрын қаралмаған және жеке медицина орталықтарына қаралған бедеулік көрсеткіштері бар пациенттерді анықтап, белсенді жұмыс жүргізуде - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық көпбейінді аурухана директорының амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары Сәуле Жамантайқызы Ибраева.

ЭКҰ үшін кімдер өтініш бере алады?

Бұл емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. ЭКҰ-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады. Міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша келісімі болуы керек. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы болуы және Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге (репродуктивті жас – 18-ден 42 жасқа дейін, қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебе, жоғары фолликулярлық резерв) сәйкес келуі қажет.

Мамандар мына жағдайларда ғана науқасты экстракорпоральды ұрықтандырудан бас тартуы мүмкін: жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез-келген локализация онкологиясы.

ЭКҰ-ға жолдама алу үшін не істеу керек?

ЭКҰ-ға жолдама алу үшін алдымен тіркелген жері бойынша емханаға бару қажет. Ұйым мамандары пациентті бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тіркеліміне қосады және бірқатар тексерулер тағайындайды. 12 ай ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымы, яғни емхана бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданған жағдайда, әйелді "Емдеуге жатқызу бюросы" порталына тіркеп, емшараға дайындай бастайды. Пациент экстракорпоралды ұрықтандыру үшін клиниканы өз бетінше таңдауға құқылы.

МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. МӘМС жүйесінде ЭКҰ емшарасын жасар алдында ерлі-зайыптыларды тексеру тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. МӘМС жүйесінде ЭКҰ – циклдің базалық бағдарламасы қарастырылған.

ЭКҰ жүргізу қағидалары және ілеспе іс-шаралар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 "Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" бұйрығында жарияланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: