Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда тұңғыш рет Мәшһүр Жүсіптің көне қолжазбалары көрсетіледі

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2018 16:28 Рavlodarnews.kz
Ақынның қолжазба тұпнұсқаларын ақын дүниеден өткен соң ұрпақтары Алматы қаласының және көшірмелерін Семей, Павлодар архивтеріне тапсырған екен.

Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Ғұлама тағылымы» атты тақырыптық көрме өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық Ішкі саясат басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, қазақ ауыз әдебиетін жинауда зор еңбек сіңірген тарихи тұлға, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбалары тұңғыш рет Павлодар өңіріне әкелінеді.

- Ақынның қолжазба тұпнұсқаларын ақын дүниеден өткен соң ұрпақтары Алматы қаласының және көшірмелерін Семей, Павлодар архивтеріне тапсырған екен. Сирек қолжазбалар қорында жылдар бойы сақталып келе жатқан асыл жауһарлар - қолжазбаларды жарыққа шығарып, туған елімен қауыштырып, халық игілігіне ұсыну «Ғұлама тағылымы» атты көрменің басты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, көрмеде Баянауыл ауданы, Ескелдідегі ақынның мемориалдық музейінен әкелінген жеке заттары - құран, мұстек қобдишасымен, жез леген, кісе белбеу, кұмажнек, шақшалары, көзілдірігі келушілердің назарына ұсынылады, - деді басқарма мамандары.

Аталмыш іс шараға ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасының» бас директоры Бауржан Төлтаев, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Ардақ Райымбеков, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің немересі, ақынның мемориалдық мұражайының басшысы Қажымұқан Пазылов және тағы басқалары қатысады.

Көрме Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ( Павлодар қаласы, Ак.Марғұлан көшесі, 97,) өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: