Жаңалықтар тізбегі
0

Оралдық полицейлер жаңа туған нәрестесін өлтірген анаға іздеу жариялады

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2018 21:41 stan.kz
Шақалақты зират басына кімнің тастап кеткені әлі белгісіз.

Оралдық полицейлер жеті күн бойы жаңа туған нәрестені өлтірген көкек ананы іздестіріп жүр. Жантүршігерлік оқиға, бір апта бұрын 5 наурызда болған. Белгісіз әйел жаңа суған сәбиін Дерқұл ауылындағы зират басына тастап кеткен. Бұл туралы БҚО-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа туған нәрестенің денесін Дерқұл ауылының мектеп оқушылары ескі зираттың жанынан сағат 19: 00-де тауып алған. Оқушылар қарда жатқан баланы көріп, көшедегілерді көмекке шақырған.

Куәгер Мәмбетованың айтуынша, ол жұмыстан келе жатқанда мектеп оқушылары бір нәрсеге үңіліп тұр екен.

«Мен балалардың жанына келгенде, олар онда жаңа туылған сәбидің жатқанын айтты. Жақындап қарамсам, шынымен де шүберекке оралған нәрестенің денесі екен. Содан бірден зираттың кезекші бөліміне барып, полицияға хабарластық», – дейді Гиният Мәмбетов.

Шақалақты зират басына кімнің тастап кеткені әлі белгісіз. Бұл іспен полиция қызметкерлері айналысуда.

Қатігез анаға қарсы ҚР ҚК-нің 100-бабы «жаңа туған сәбиді анасының қасақана өлтіруі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы баптың санкциялары баласын өлтірген әйелді 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: