Көкшетаулық оқушы смартфон үшін өзіне қол жұмсаған

inform.kz inform.kz
Анасының айтуынша, ол сол күні баласына смартфон бермей қойған.

Көкшетауда 17 жастағы мектеп оқушы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қайғылы оқиға наурыздың 9-ынан 10-ына қараған түні болған. Баланың асылып тұрған денесін әкесі қараусыз қалған гараждан тауып алған.

«11 сынып оқушысы толық отбасында тәрбиеленген. Бір бауыры бар. Баланың сабақ үлгерімі жақсы болған, сабақтан да бейсауат қалмаған. Мектепте өткізілетін шараларға белсенді қатысып тұрған және қауіпті топ ретінде еш жерде есепке алынбаған», - деп атап өтті Көкшетау қалалық білім бөлімінен.

Полицейлердің мәліметінше, суицид жасөспірім мен ата-ана арасындағы түсініспеушіліктен жасалған болуы мүмкін.

Анасының айтуынша, ол сол күні баласына смартфон бермей қойған. Бұған ашуланған бала үйінен кетіп қалған.

«Жасөспірімнің суицидке баруына ата-анасымен арадағы түсініспеушілік себеп болуы мүмкін», - деп қорытындылады ІІД баспасөз қызметінен.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз