Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады

Бекбол Мираш, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2022 14:30 Сурет: Facebook/bibramazan
Бекбол Мираштың туыстары мен жақындарының айтуынша, ол өзіне қол жұмсайтындай адам емес. Бекбол ата-анасының тірегі болған тұңғышы еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 тамызда Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген атыраулық әскери қызметкер өзіне қол жұмсады. Бекбол Мираш – Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тумасы.

Оқиға туралы қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан хабарлады. 18 жастағы Бекбол әскерге 2022 жылдың көктемінде шақырылған. Жамбыл облысына әскери борышын өтеуге жіберілді.

Бекболдың Айдана есімді ұстазы оны адал, мейірімді адам ретінде танитынын айтты. Ол жігітті қайғылы немесе көңілсіз күйде ешқашан көрмегенін айтып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: