Қазақстанда тағы бір сарбаз өз-өзіне қол жұмсады
Сурет: pexels
Қазақстанда тағы бір өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы орын алды - Ақтауда әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Сержанттың мәйіті 2024 жылдың 28 қыркүйегінде өз үйінен табылғаны атап өтілді.
"Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі ақпаратты растады. Биылғы жылдың 28 қыркүйегінде Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін 1985 жылы туған әскери қызметшінің денесі табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне-өзі қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған. Оқиғаның себептері анықталуда. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды." Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі
Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Қыркүйектің 13-і күні Алматыдағы Әскери институттың аумағында келісімшарт бойынша қызмет ететін сарбаздың өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған болатын. Қыркүйектің 16-сы күні Ары гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі травматикалық қарудан басынан жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл өз-өзіне қол жұмсау әрекеті. 19 қыркүйекте Абай ауданында Аягөз гарнизонының әскери қызметкері өз-өзіне қол жұмсады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript