Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық оқушы өзіне қол жұмсады – РФММ пікірі

мектеп, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 17:10 Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін оңтүстік астанада оқушы қыздың өзіне қол жұмсағаны хабарланған еді. Ол Республикалық физика-математика мектебінің Алматы қаласындағы филиалының оқушысы екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқушы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Алматы қаласындағы «РФММ-да» 8-сыныпта оқуын бастады. COVID-19 жағдайына байланысты 2020-2021 оқу жылында ол онлайн форматта оқыды. 2021 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында ата-анасының өтініші бойынша оқуын қашықтан жалғастырып, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап штаттық режимде оқи бастады.Алматыдағы «РФММ» директоры Алмас Ордабаев

Мектеп директорының айтуынша, оқу барысында ол өзін оқу міндетіне жауапкершілікпен қарайтын қабілетті бала ретінде көрсеткен. Оқушы барлық пәннен «4» пен «5» алған.

Табиғаты бойынша ол ұстамды, эмоционалды тұрақты болды. Қарым-қатынаста ол өзін позитивті адам ретінде көрсетті. Сыныптастарымен қалыпты қарым-қатынаста құрды және ешқандай қақтығыс болмады. Мұғалімдермен қарым-қатынаста ол әрқашан сыпайы, ақжарқын, мейірімді болды.Алмас Ордабаев

Директор хабарлағандай 3 мамырда оқушы сабақта болды.

Сол күні сыныптастарымен де, мұғалімдерімен де жанжал болған жоқ. Қыз өзін әдеттегідей ұстады. Сабақ біткен соң үйіне қайтты. 4 мамырда қыздың әкесі оның қайтыс болғанын хабарлады. Дереу мектеп директоры, екі орынбасары және сынып жетекшісі тұрғылықты мекенжайына кетті.Алмас Ордабаев

Республикалық физика-математика мектебі директорының айтуынша, оқушыны үйдің ауласынан ата-анасы тауып алған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейлер айтылмайды. Мектеп отбасына қажетті қолдау көрсетеді.Алмас Ордабаев

4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданы аумағында 2006 жылғы қыз үйінің ауласында асылып, өзіне қол жұмсаған. Полиция бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: