Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қалмұханбет Қасымов: Шығыс Қазақстанда су тартылып жатыр

Енді Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде - Алматы, Алматы облысы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанда су тасқыны күтілуде.

Сурет : Sputniknews.kz13 Наурыз 2018, 12:59

ҚР Үкіметі отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, су тартылып жатыр, бірнеше үй қалды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Аягөзге барады - бұл ең қиын аймақ», - деді ол.

Оның пікірінше, қазір жағдай тұрақтанып келеді.

"Энергетика министрлігі болжам жасап отыр, бүгін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде - Алматы, Алматы облысы, Қызылорда, ОҚО және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны күтілуде, егер жауын-шашынды болса, дайындық жұмыстары жүргізілуде", - деді министр.

Сондай-ақ, министр Қарағанды облысында су тасқыны қаупі басым 44 аймақ бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин 10-11 наурызда жауған жауын-шашынның мөлшері екі айлық нормадан асып кеткенін еске салды.

«Қардың ерігенінен және жауын-шашын салдарынан, өзеннің тасуынан, әсіресе Аягөзде, 100-ден астам үй су астында қалды. Аймақтағы өзен мұндай ағынға төтеп бере алмады. Шығыс Қазақстан облысында жалпы алғанда 138 үй су астында қалды. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында 8 үй әлі су астында, суды тарту жұмыстары жүріп жатыр», - деп түсіндірді ол.

«Біз дауылды ескертуді алдық, оны жергілікті атқарушы органдарға және жұртшылыққа жеткіземіз. Жақын арада осы өңірлерде бұл құбылыстар қайталануы мүмкін», - деді Ильин.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер