Шығыс Қазақстанда су басқан аумақтардағы жолдар жабылды
ҚазАқпарат
Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолының «Баршатас ауылы-Аягөз қаласы» учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды.
Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА «Казахавтодор» ЖШС-не сілтеме жасап.
11 наурызда сағат 16.30-дан бастап Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолының «Баршатас ауылы-Аягөз қаласы» учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды. Тоқтаусыз аққан қарғын суға байланысты осы учаскеде машиналардың жүруіне тыйым салынды.
Сондай-ақ сағат 19.00-ден бастап Аягөзден Қалбатауға дейін қоғамдық көлік үшін жол жабық.
Бұдан басқа, нөсер жаңбыр мен көктайғаққа байланысты Зырьяновск қаласына дейін жол жабық күйінде қалды. Бұлл бағытқа қосымша пойыз қатынайтындығы хабарланып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript