Аягөздегі тасқын Ақтөбеде қайталануы мүмкін

inform.kz inform.kz
Былтырғы тасқыннан сабақ алған Ақтөбенің билігі биыл көктемгі су тасқынына дайындықтарын қайта-қайта пысықтап әлек.

Төтенше жағдайлар қызметінің өзі Аягөздегідей тасқын Ақтөбеде қайталануы мүмкін екенін айтып отыр. Күні бүгінге дейін былтырғыдай жағдай қайталанбайды деп келген билік елдің шығысында болған апаттан кейін қорқайын деген сияқты. Басқаша сөйлей бастады, деп хабарлайды 31 арна.

Былтырғы тасқыннан сабақ алған Ақтөбенің билігі биыл көктемгі су тасқынына дайындықтарын қайта-қайта пысықтап әлек. Тасқын бола қалса техника, жеке құрам тіпті көрші облыстардан келетін көмекті қамдап қойыпты. Алайда Аягөз қаласында болған қатты сел билікті тықыршытып қойған сияқты. Өйткені осыған дейін Ақтөбені биыл су баспайды деп келген жауаптылар енді басқаша сөйлей бастады.

– Егер тура Аягөздегідей тәулігімен жауын жауатын болса күн бірден күрт өзгеріп кететін болса жылып, олай болатын болса тоң еріп үлгермейді. Демек қар тұрғаннан кейін жер топырақ, суды өзіне қабылдамайды. Ол кезде бүкіл жауған жауынның бәрі әрине, біздің су қоймаларына келеді, өзендерге келіп, елді мекендердің арасымен өтеді, - деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

Ақтөбеде әзірге күн жылына қоймағандықтан қауіп қатты төніп тұрған жоқ екен. Ауа райының тек айдың соңына қарай жылынатынын айтқан синоптиктер өңірде жақын күндері жауын-шашын да болжанып отырған жоқ дейді.

– Алдағы аптадан бастап өңірдегі антициклон оңтүстік - шығыс бағытқа қарай ауысады. Ауа температурасы төмендеп, аздаған жаңбырлы қар күтілуде. Салдарынан көктайғақ болуы мүмкін. Облыс бойынша күннің тез жылынуы байқалмайды, - дейді синоптик Лариса Тарасенько.

Төтенше жағдайлар депарменті қазір Ақтөбедегі өзен-көлдердің бетінде қалың мұз жатқанын және оның қалыңдығы 150 см-ге дейін жететінін айтып отыр. Оларды үрейлендеріп отырғаны да - сол екен. Жалпы мамандар облыс бойынша су басу қаупі төніп тұрған ауылдардың қатарына 43 елдімекенді кіргізіп отыр. Ол жерлерде 12 мыңнан астам тұрғын бар. Ал қар ең көп түскен шалғайдағы екі ауданға құтқару техникаларын да апарып қойыпты. Егер Ақтөбе былтырғыдай суға кететін болса 82 шатыр, 3000 -нан астам кереует, 300 мыңнан астам төсек жабдықтар дайын тұр дейді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз