Аргентинада су тасқыны болды

Аргентинада су тасқыны болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 12:37 Сурет: pixabay
Бірнеше күн қатарынан жауған толассыз жаңбыр Аргентинаның Буэнос-Айрес провинциясында су тасқынын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адамдарды құтқару үшін өрт сөндірушілер, азаматтық қорғаныс күштері және полиция жұмылдырылды. La Nacion басылымының жазуынша, билік апатқа климаттың өзгеруін кінәлап отыр.

Сурет: lanacion

Қазірдің өзінде жеті мыңнан астам адам эвакуацияланды. Құтқару жұмыстарына шамамен 300 өрт сөндіруші, азаматтық қорғаныс күштері және полиция қызметкерлері қатысуда. Олар адамдарды құтқару үшін барлық қолжетімді жүзу құралдарын, соның ішінде резеңке қайықтар мен байдаркаларды пайдалануда.

Жергілікті биліктің ақпаратынша, соңғы үш күнде аймаққа 300-ден 400 мм-ге дейін жауын-шашын түскен. Мұнымен қоса, Чако, Корриентес, Энтре-Риос, Формоса, Мисьонес және Санта-Фе провинцияларында күтілетін дауылға байланысты сары деңгейдегі ескерту жарияланды.

Бұған дейін Нигерияда қайық аударылып, 40 шақты адамның қайтыс болғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: