Маңғыстау облысында қатты нөсерден Шетпе ауылын су басқан

Маңғыстау облысында қатты нөсерден Шетпе ауылын су басқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 21:11 Сурет: КТК телеарнасы
Маңғыстау облысының Шетпе ауылында нөсер жауын селге айналып, он шақты үйдің ауласын су басты. Бірнеше сағат бойы толассыз жауған жаңбыр ауылды талқандап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, тоқтаусыз жауған жаңбыр ауылдағы тіршілікті бірнеше сағатқа тұралатып тастапты.

Темір жол бекеттері жабылып, тасжолдарда ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Кейбір көшені су шайып кеткен.

Табиғаттың тосын мінезіне тап болған тұрғындар бұрын-соңды мұндай құбылысты көрмедік дейді. Қазір құтқарушылар су басқан аулаларды тазартып жатыр.

"Шетпе ауылындағы мекемелерден бөлек, Жармыш, Онды, Шайыр, Отпан, Жыңғылды ауылдарының әкімдері мен қызметкерлері су сору құралдарымен қосымша көмекке келді. Судан тазартуға мекемелерлден және Төтенше жағдайлар бөлімімен №8 өрт сөндіру бөлімшесінен бір агрегат пен 20 потопомпа жұмылдырылды. Ащыбұлақ ашағынауданында әлі де жұмыс істелініп жатыр".Шетпе ауылының әкімі Айдос Шамғұлов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: