Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тасқын судан зардап шеккен аягөздіктерге алдағы үш күнде 8 үй сатып алынбақ

Аягөз ауданына жыл басында тасқынға тосқауыл қою мақсатында 4 миллиард теңге қаражат қаралған.

Сурет : kaztrk.kz15 Наурыз 2018, 09:39

Көп ұзамай тағы 18 отбасы баспанамен қамтылады. Жалпы, табиғи апаттан жапа шеккен тұрғындарға көмектесу үшін 50 миллион теңге қаражат бөлініп отыр, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Сондай-ақ, жергілікті билік «Аягөз болашақ» қорына бір айлық еңбекақыларын аударды. Дегенмен, әлі де су басу қаупі бар аумақтардың барлығы күндіз-түні бақылауға алынған.

Рәзия Шаяхметованың отбасы Өскемендегі сауықтыру орталығын паналағанына екінші күн. Еріген қар суы таңғы сағат алтыларда үйге лап қойған. Көп кешікпей көмек те келіп жетіп, арнайы орталыққа көшірілген.

Рәзия Шаяхметова, тұрғын: - Үй қазір апатты жағдайда. Осында келдік. Жағдайымыз жақсы. Үш уақыт тамақ береді. Үйімізге қашан қайтатынымыз белгісіз.

Селдің салдарынан өңірде 230 үй мен 200-дей ауланы және 100-ден астам саяжай аумақтарын су алып кеткен. Әсіресе, Аягөз қаласы қатты зардап шекті. 8 үй қирап, 10 тұрғын үй апатты жағдайда тұр. Үйін су басқан аягөздік 400 тұрғын мектеп интернаттарға жайғастырылған. Ал, үйсіз қалғандарға жақын арада баспана беріледі.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі: - 2,3 күннің ішінде 8 үй сатып аламыз. 60 пәтерлі үй салынып жатыр. Бірақ та, оны іске салатын уақыт 4 айдан кейін болады. Сол себепті, 18 үйді қайталама нарықтан тез арада сатып алу керек.

Аягөз ауданына жыл басында тасқынға тосқауыл қою мақсатында 4 миллиард теңге қаражат қаралған. Тіпті, апат туралы алдын ала ескертілген. Алайда, жауапты мамандардың салғырттығы сан соқтырды. Салдарынан өңірдегі 12 аудан еріген қар суының зардабын шекті. Қазір облыстағы барлық ауыл-аймақтарда су қоймаларының жағдайын бақылап отыратын жедел штаб құрылды. Ал, су басу қаупі бар аумақтың барлығына 24 сағат кезекшілік қойылған.

Айдана Дайырова


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер