Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын болады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 14:57 Сурет: unsplash
Синоптиктер 2023 жылғы 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оңтүстігікте қатты жауын-шашын болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың солтүстік жартысына әлі де жоғары қысымды өріс әсер етеді, аязды, желсіз және ашық ауа-райы сақталады.

Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жауын-шашын болжанады.

  • Елдің батысында негізінен қар;
  • Шығысында жаяу бұрқасын аралас қар жауады;
  • Республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) болжанды.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 7-12-ге дейін көтеріледі. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде жел күшейеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: