Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодар облысында су тасқыны кезінде 57 елді мекен ерекше бақылауға алынған

Бүгінгі таңда 724 құбыр қардан аршылған.

Сурет : Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды15 Наурыз 2018, 11:12

Павлодар облысында су тасқыны кезінде 57 елді мекен, 42 автомобиль және бір теміржол учаскесі ерекше бақылауға алынған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Самат Асайынов айтты.

- Былтыр қар жамылғысының қалыңдығы жарты метрге дейін барған, - дейді Самат Асайынов. - Бүгінгі таңда «Қазгидромет» МКК ұсынған мәліметке сүйенсек, қар жамылғысы орташа статистикалық нормадан 10 пайызға және былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмен. Қалалар мен аудандарда су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп, 407 мың текше метр қар шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есеге кем.

Спикердің айтуынша, Баянауыл ауданында жағдай тұрақты. Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының өкілдерімен бірге төтеншеліктер Қарағанды облысының Қаратоқа және Ақжар бөгеттері орналасқан Бұхар жырау ауданын тексеріп шыққан. Ол жақтағы суөткізгіш құбырлары қардан тазартылған.

Қажетті материалдар қоры: 227 тонна жанар-жағармай, 20 мың тонна инертті материал, 52 мың ыдыс-қап дайындалған. Су тасқыны кезінде жеке құрамнан 600 техника мен 61 жүзу құралы, 1827 адам дайындалған. Автомобиль жолдарын қардың суы шайып кетудің алдын алу және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жол қызметімен 1 мың 310 суөткізгіш құбыр тазартылады.

Бүгінгі таңда 724 құбыр қардан аршылған.

-Әзірге ешбір қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді Самат Асайынов. - Алайда ауа температурасының жоғарлауына байланысты еріген қар суы басуы мүмкін. Маршруттар белгіленген.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда тұрғындарға ескертіледі. Синоптиктердің болжамынша, үшінші он күндікте орташа есеппен алғанда сынап бағаны түнде -5 тен -15, күндіз - 1, -5 градусты құрайды. Сондықтан биыл қауіпсіз өтеді деген үміттеміз.

Ақбота Сейсенбаева


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер