Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл Өскеменде 2000-ға жуық үйге қар суы қауіп төндіруі мүмкін

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2019 17:09 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда қаладағы бірқатар арықтардың арналары қоқыс пен қардан тазартылған.

Өскемен қаласының әкімдігі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп қаланың қарғын су басу қаупі жоғары аудандарын аралап қайтты. Бұл туралы Baq.kz.

Қарғын су қаланың 1965 тұрғынүйі мен саяжайларына қауіп төндіреді. Арнайы құрылған комиссия көктемгі қар суы қауіп төндіруі мүмкін деген Согра, ЖМК, Ахмер, Меновное ауылдары мен Бажов көшесінің бойын аралап қайтты. Бүгінгі таңда қаладағы Овечи Ключь, Маховка және Бражинский арықтарының арналары қоқыс пен қардан тазартылған.

"Жақын күнері қала құтқарушылары жыл сайын қарғын су есігінің алдына жайылатын үйлерді аралап, үй қожайындарына ақпараттық ескертулер таратады. Мердігер ұйымдардың көктемгі тасқын суды ауыздықтауға деген дайындықтары тексеріледі. Сондай-ақ, апта сайын қаланың тасқын су басу қаупі басым аумақтары жіті зерделеніп отыратын болады", - дейді Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Валентин Литвиненко.

Материалдық шығынды болдырмау және төтенше жағдай кезінде қала тіршілігін қамтамасыз ету қызметінің тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін қалалық төтенше жағдайлар басқармасында жедел штаб пен мобильді топ құрылған. Аталмыш топтар тасқын су аяқ астынан келіп қалған сәтке сақадай сай.

Бұдан бөлек, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің мамандары тасқын су басу қаупі басым аумақтарда тәулік бойына кезекшілік құрмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: