Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ғалымдар темекі есту қабілетінің нашарлауына әсер ететінін айтты

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша бүгінде жер бетінде шамамен 1,1 миллиард адам шылым шегеді.

Сурет : zhalcrb.kz15 Наурыз 2018, 11:45

Шылым шегу өкпеде қатерлі ісіктің дамуына және жүрек ауруларына ғана емес, сондай-ақ есту қабілетінің нашарлауына әсер етеді. Бұл туралы Nicotine және Tobacco Research журналында жарияланған мақалада айтылған, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша бүгінде жер бетінде шамамен 1,1 миллиард адам шылым шегеді. Британиялық дәрігерлердің соңғы зерттеулеріне сүйенсек, темекі шегушілердің шамамен 60%-ы ерте қайтыс болған.

«Біз есту қабілетінің нашарлауын одан әрі болдырмау үшін темекі шегу індетіне қарсы тұруымыз керек», - деді Токиодағы Әлемдік денсаулық сақтау және медицина ұлттық орталығының қызметкері Ху Хуаньхуань.

Хуаньхуань мен оның әріптестері шылым шегудің тағы бір теріс салдарын Жапониядағы 50 мыңға жуық адамның денсаулығын бақылаған J-ECOH мониторингінің деректері бойынша анықтады. Жобаға 2008 жылдан 2016 жылға дейін елдің 12 ірі корпорациясының қызметкерлері тартылған. Зерттеу авторлары өнеркәсіптік зауыттарда және басқа да қауіпті объектілерде жұмыс істеу адамдардың денсаулығына, оның ішінде есту қабілетіне қалай әсер ететінін түсінуге тырысты.

Нәтижесінде, шылым шегуге деген тәуелділігі барларды темекі шекпейтіндермен салыстырғанда, олардың, орташа есеппен, 1,6 есе есту қабілеттерін нашарлатып немесе толықтай жоғалтқандары анықталды.

Мақала авторларының пікірінше, шылым шегудің бұл зиянды әсері, шылым шегуден бас тартуға тырысып жүрген адамдар үшін тағы бір ынталандыру деп санауға болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер