ДДҰ жыл басынан бері коронавирустан қанша адам қайтыс болғанын айтты

Коронавирустан жыл басынан бері әлемде қанша адам қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 10:12 Сурет: pixabay
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының апталық есебінде 2023 жылдың басынан бері коронавирустан 11 мың адам қайтыс болғаны жазылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаһандық деңгейде 2023 жылдың 2-8 қаңтары аралығында, бір аптада коронавирустың 2,9 миллионға жуық жаңа жағдайы тіркеліп, 11 мыңнан астам адам қайтыс болды", - делінген хабарламада.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ұйым бұл мәліметтер апта сайынғы аурулар мен өлім-жітімдердің тиісінше 9% және 12% азайғанын көрсетеді деп қосты.

2023 жылдың 8 қаңтарындағы жағдай бойынша әлемде 659 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырып, 6,6 миллионнан астам адам қайтыс болды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: