Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодар облысында өрттен көз жұмғандар саны 33 пайызға артқан

Ысты газдан уланып қалған 12 адамның екеуі қайтыс болған.

Сурет : www.pavlodarnews.kz15 Наурыз 2018, 12:33

Павлодар облысында тіркелген өрт саны 17 пайызға, тілсіз жаудан көз жұмғандар саны 33 пайызға артқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Серік Ысқақов айтты. - Жыл басынан бері өңірде 143 өрт тіркелген, - дейді Серік Ысқақов.

- Материалдық шығын 14,5 миллион теңгені құрады. Өрттен көз жұмғандар саны - 12. Оның біреуі - бала. Сонымен қатар 11 адам жарақат алған және 12 адам құтқарылған. Жүргізілген сараптама нәтижесі өрттің 76 пайызы (113 өрт) жеке секторда орын алғанын көрсетіп отыр.

Спикердің айтуынша, ысты газдан уланып қалған 12 адамның екеуі қайтыс болған. Қайғылы оқиғаның орын алуына тұрғындардың электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы және балалар тентектігі себеп болады.

Сондай-ақ жылыту маусымы басталмас бұрын дайындық шаралары жүргізілмейді.

Өрттің құрбаны болғандардың басым бөлігін спирттік ішімдік тұтынатын жандар мен қолайсыз отбасылар құрайды.

Ақбота Сейсенбаева


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер