Павлодар облысында ысты газдан уланған 63 жастағы ер адамның денесі табылды

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2017 17:57 Рavlodarnews.kz
Екі адам ысты газдан зардап шекті.
Ертіс ауданының Ертіс ауылында Қожаберген батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйде екі адам ысты газдан зардап шекті, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Пештен ақау шығуы салдарынан 1964 жылғы әйел адам «ысты газдан улану» диагнозымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, 1954 жылғы ер адам сол жерде көз жұмған. Оқиға орнында өрт сөндіру-апаттан құтқару қызметінен төрт адам мен бір техника, «103» және «102» қызметі жұмыс істеді, - деді департаментте.

Еске сала кетейік, Павлодарда биылғы жылдың соңына дейін жеке тұрғын үй секторында тұратын 134-тен астам қолайсыз отбасына ысты газдан уланудың алдын алу құрылғылары орнатылады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: