Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы қаласының барлық білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай сағат өткізілді

Бірыңғай сағатта Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңдардың негізгі міндеттері мен бағыттары түсіндірілді.

Сурет : Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі15 Наурыз 2018, 12:42

2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Білім, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары бірлесе отырып, қаланың 202 жалпы білім беру мектептерінде, 82 колледж бен 38 жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында бірыңғай сағат өткізіліп, 42 мың адам қамтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірыңғай сағатта Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңдардың негізгі міндеттері мен бағыттары және ережелері жан-жақты түсіндіріліп, академиялық адалдық қағидаттары мен білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, оқушылар мен студенттер тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында ғылыми баяндамалар жасалып, сурет көрмелері, стендтер және флешмобтар ұйымдастырылды.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Е. Игіліков Алматы мемлекеттік энергетика және жаңа электронды технологиялар колледжінде өткізілген Бірыңғай сағатқа қатысып, студенттерге білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мәселелер төңірегінде сөз сөйлеп, Департамент тарапынан түсірілген кең көлемді бейне роликті студенттерге көрсетті.

Бірыңғай сағатқа қатысушылар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңдардың негізгі ережелері жөнінде ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, пікір алысты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер