Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Оралда алимент төлемеген оннан астам адам қамауға алынды

Сот отырысында құқық бұзушылар негізінен болған мән-жайды растап, кінәларын толық мойындаған.

Сурет : www.inform.kz15 Наурыз 2018, 15:44

Орал қаласында жыл басынан бері алимент төлемеген отыздан астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты алиментті өндіру туралы сот актісін орындамаған 31 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Іс барысын қарау кезінде анықталғанындай, сот орындаушылары борышкерлерге қарыздарын өтеу туралы хабарламалар жолдағанымен, ешқандай шара алынбаған.

Сот отырысында құқық бұзушылар негізінен болған мән-жайды растап, кінәларын толық мойындаған.

Нәтижесінде, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 669-бабына сәйкес 12 адам әкімшілік қамауға алынса, 19-ына айыппұл салынды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер