Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында полицейдің погонын жұлып алған ер адам қамауға алынды

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2018 17:12 Рavlodarnews.kz
Ол сот санкциясымен қамауға алынған.

Лебяжі ауданы Ямышев ауылының тұрғыны учаскелік полиция инспекторын жұдырықтап, погонын жұлып алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Ризабек Төкебаевқа ауыл тұрғынынан көмекке шақыру туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Дереу оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы үйге мас ер адамның заңсыз басып кіргенін анықтаған, - деді департаментте.

Полиция қызметкерінің үйден шығу жөнінде ескерткен талабын елемеген ер адам жұдырық алып жүгірген. Сол сәтте тәртіп сақшысы жауынгерлік күрес тәсілдерін қолданып, тәртіп бұзушыны ауыл тұрғындарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізген.

30 жастағы тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабы, 1-бөлімі бойынша тергеу жүргізілуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынған.

Бұл санкция бойынша үш АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе сондай мөлшерде түзету жұмыстарына тарту қарастырылған. Сонымен қатар бұл қылмысы үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе бас бостандығына шектеу қойылуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: