Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Кешірдім – Мұрат Қожаның бірінші әйелі алғаш рет ел алдына шығып, сұхбат берді

Мұрат Қожаның бірінші әйелі, кинотанушы Айман Нұразхан Бақытты әйел бағдарламасына келіп, көптің көңіліндегі сұрақтарға жауап берді.

Сурет : Тoday.kz16 Наурыз 2018, 15:05

Мұрат Қожаның бірінші әйелі, кинотанушы Айман Нұразхан "Бақытты әйел" бағдарламасына келіп, көптің көңіліндегі сұрақтарға алғаш рет жауап берді, деп хабарлайды Today.kz.

"Мен оны кешірдім. Мен ол кісіге тек қана бақыт тілеймін. Қазір оның бір қызы бар деп естідім. Тағы да басқа бір ұлы бар екенін білемін. Менің де үш қызым бар, Құдайға шүкір. Бақытты болсын. Шындығымды айтайын, қазіргі таңда ол кісінің эфирден жоқ болып кеткеніне, ол кісінің өзінің дене-бітімін, формасын жоғалтып алғанына кәдімгідей жаным ашиды. Кейде көріп қалам, қатты толып кеткен, шығармашылығы болмай жатқан сияқты. Жүрегім ауырады. Төрт жыл бірге оқыдық, он жыл бірге тұрған кезде ол кісі мүлде басқа болған. Мұратты кешірдім. Болған нәрсе болды, бұл – өмір", – деді Айман.

Айман марқұм енесін, Мұрат Қожаның анасын қатты жақсы көргенін айтты.

"Шындықты айтайын, бір рет қана Жаңа жылда менің атам қоңырау шалып, бізді құттықтады. Атаммен өте ұзақ сөйлестік. Ол кісі де мені сағынып қалыпты. Ажырасқанымызға төрт жылдай болып қалды ғой. Мені қимайтынын, мені жақсы көретінін айтты. Үш қызымды жақсы көретінін айтты. Мұрат қыздарымен араласпайды. Қыздар сұрады әкелерін, қазір сұрамайды. Өйткені әкесінің қыздарға хабарласпайтынына көздері жетті", – деді Айман Нұразхан.

Ол Мұрат қайтып келсе де, қабылдамайтынын жеткізді.

"Тұрмысқа шығу жайлы аса ойланбаймын. Өйткені үш қызым бар. Қазір қыздарым үшін өмір сүремін. Сол қыздарыма дұрыс тәрбие бергім келеді. Қыздарымның аман-есен әдемі болып өсіп келе жатқанына қуанамын. Ешкім ажырасам деп күйеуге шықпайды. Он жыл өмірімді Мұратқа арнадым. Әп-әдемі үш қыз тудым, Құдайға шүкір. Бұр жердегі басты себеп – ерлі-зайыптылардың арасына үшінші адамның араласуы. Сол себептен сондай болып қалды. Кетем деп тұрған адамды ұстамаймын. Қайтып келем десе, қабылдамаймын. Уақыт өтті. Уақыт – емші. Ажырасуға қатты қарсымын", – деді Айман.

Мұрат Қожа қазіргі әйелімен


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер