Мұрат Нұртілеуов ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.Ақорданың баспасөз қызметі
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президент жарлығымен Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда туған.
Білімі: 1998 ж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дың «халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген.
Дипломаттың рангы – бірінші санаттағы кеңесші.
Еңбек өтілі:
1998-1999 жж. – ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референт.
1999-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің атташесі.
2003-2004 жж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жж. – ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 ж. – ҚР парламенті сенаты аппарат басшысының орынбасары.
2007-2011 жж. – ҚР праламент сенаты аппаратының басшысы.
2011 ж. – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директоры, ҚР сыртқы істер министрілігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011-2014 жж. – Женевадағы ҚРҮҚ кеңесші-елшісі.
2014-2016 жж. – ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016 жылдың наурызы – 2019 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасының Финляндия, Эстония Республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2019 жылдың 24 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
2021 жылдың 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.