Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түркістанның бұрынғы прокуроры қамауға алынды

Алғашқы сот отырысы сәуір айының ішінде өтеді деп күтілуде.

Сурет : www.inform.kz19 Наурыз 2018, 14:08

Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда. Қазір Махат Зұлпыхаров пен оның көмекшісіне қатысты қылмыстық іс Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Бұл туралы облыстық сотта өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соттардың айтуынша, Түркістан қаласының бұрынғы прокурорына Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі «Пара алу» бойынша айып тағылып отыр.

Ол уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды. Ал оның көмекшісі Бақыт Жүнісовке қылмыс жасауға көмектескен деген күдікпен бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылған.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігімен «Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi» және 366-баптың 2-бөлігі «Пара алу» бойынша айып тағылуда.

Алғашқы сот отырысы сәуір айының ішінде өтеді деп күтілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер