Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысындағы Жаңатас «ақылды» қалаға айналады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2018 16:20 Хабар 24
Ол үшін алдымен әбден ескірген темір жол және автобекет ғимараттары қайта салынады.

Жаңа бас жоспарға сай шаһар тұрғындарының тұрмысын мейлінше жеңілдету көзделіп отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Ол үшін алдымен әбден ескірген темір жол және автобекет ғимараттары қайта салынады. Қос нысан заманауи құрал-жабдықпен жарақталады. Сондай-ақ қалада «Жастар сарайы» пайда болады. Ол жерде оқушылар мен студенттерге қажет ақпаратын алуға барлық мүмкіндік жасалады. Смарт-технологияларды енгізу жұмысы қалада басталып кетті. Қазір көшелердегі аялдамаларда ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беретін тақтайшалар ілінген. Ондағы бүкіл мәліметті оңай ұялы телефонға жүктеп, танысуға болады.

- Көше бойында жарық шамдары, көшелер, үйлерге кіре берістегі жолдардың барлығы «Ақылды қала» бойынша өзгертіледі. Алдағы уақытта істейтін жұмыстарымыз 4,5-мөлтек ауданындағы инфрақұрылым дамыту арқылы өзгертіледі, - деді Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Берген Омарбеков.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: