Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Біртанов: Хиджама медициналық қызметтің құрамына кірмейді

Денсаулық сақтау министрі медициналық қызметтің сапалы көрсетілуіне жауап бермейтінін жеткізді.

Сурет : Baq.kz20 Наурыз 2018, 14:57

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда хиджама арқылы емдеу әдісінің көп таралып кеткені туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл қызмет медициналық қызметтің құрамына кірмейді. Біріншіден, заң бойынша мемлекет тарапынан беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне хиджама кірмейді. Жалпы бұл қызмет министрлік бақылайтын медициналық қызметтер тізіміне кірмегендіктен, оны медициналық қызмет деп санамаймыз", - деді Елжан Біртанов.

Осы орайда Денсаулық сақтау министрі медициналық қызметтің сапалы көрсетілуіне жауап бермейтінін жеткізді.

Хиджама – емдік мақсатта қанды алудың бір жолы. Оны дененің кез-келген жеріне жасауға болады. Бірақ, көбіне хиджаманы желкеге, қос жауырынның ортасына жасайды. Бұл әдіс Ислам елдерінде қолданылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер