Жаңалықтар тізбегі
0

Біртанов менингитті емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткілікті екенін айтты

Baq.kz Baq.kz
Денсаулық сақтау министрлігі бірінші кезекте сапалы медициналық көмектің қолжетімділігіне жауап береді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ел ішінде менингококк инфекциясының таралуы жағдайына байланысты халықты дүрлікпеуге шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құрметті, азаматтар! Денсаулық сақтау министрлігі бірінші кезекте сапалы медициналық көмектің қолжетімділігіне жауап береді. Біз вирустық инфекциялар сипатын бақылай алмаймыз. Бактериялық, вирустық ластанудың таралуына байланысты инфекция азая ма, жоқ па мен оны айта алмаймын. Қабылданған шаралардың механизмі бар. Бірінші бағыты ол – инфекция таралмауы үшін эпидемиологиялық шаралар және осы мақсаттағы профилактикалық іс-шаралар», - деді Елжан Біртанов.

Ол Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің осы мақсатта еліміздің барлық аумағында аудандық деңгейде жұмыс істеп жатқанын, соның ішінде негізгі шаралар ол – халықтың топ болып жиналуын шектеу, жеке гигиенаны сақтау және өз уақытында медицина көмегіне жүгіну екенін және осы ұсынымдардың барлығы халыққа жеткізілгенін атап өтті.

«Екінші бағыт, өз уақытында сапалы медициналық қызмет көрсетілуін міндеттейміз және әрі қарай мұны жалғастыра береміз. Иә, шынымен бұл тиімді. Қазір бірінші кезекте медициналық ұйымдар палаталарын жабдықтау, Алматы қаласы мен облысында қазір медициналық кадрлар жұмысын күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізде менингитті емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткілікті. Осындай жағдайда стандартты жұмыстарды орындап жатырмыз. Тағы да айтарым, дүрлігудің қажеті жоқ. Сырқаттанудың деңгейі бүгінде Алматы қаласы мен Қазақстанда соңғы жиырма жылдағы орташа жылдық есептен төмен. Иә, ауытқып отырады, бір жылы жоғарылайды, бір жылы төмендейді. Сол себепті ешкім кепілдік бере алмайды. Циклдың ауытқуы әлемдік жағдай. Біздің міндетіміз – инфекцияның таралуын төмендету, ауыру кезінде максималды медициналық көмек көрсету. Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде жергілікті атқарушы органдарымен толығымен жұмыс істеп жатыр. Барлық ресурстар бізде бар», - деді Біртанов Үкімет кулуарында.

Назерке Абибулла

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: