Жаңалықтар тізбегі
0

Наурыздың қайта тойлана бастағанына 30 жыл толды

dailynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2018 21:08 dailynews.kz
1926 жылы Қазақстанда Наурызға мұсылманның діни мейрамы ретінде тыйым салынған.

Түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесінің елімізде қайта тойлана бастағанына 30 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған Наурыз тойында мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбеков отыз жыл бұрынғы маңызды шешімді еске алды.

«Партияның заманында Өзбекәлі Жәнібеков екеуміз ақылдасып, заманы келді ғой, халықтың дәстүрлерін жаңғыртайық, Наурызды қайтадан тойлап, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді қалыптастырайық деген пәтуаға келдік. Сөйтіп, сең қозғала бастаған заманды пайдаланып, Наурызды мейрам ретінде қайта белгіледік. Сонда өзге бауырлас елдердің барлығы Наурызды 21-і күні тойлайды ғой. Өзбекәлі ағамыз оны құптамады. Айдың 21-інен 22-сіне қараған түні Наурыз келетінін айтты. Міне, содан бері отыз жыл өтіпті, Наурыз халқымыздың ең қастерлі мерекесіне айналды», - деді Мырзатай Жолдасбеков.

Айта кетейік, Мырзатай Жолдасбеков 1988-1990 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің Идеологиялық бөлімін басқарған. Ал Өзбекәлі Жәнібеков - 1988-1991 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болған.

1926 жылы Қазақстанда Наурызға мұсылманның діни мейрамы ретінде тыйым салынды. 62 жылдан кейін ғана - 1988 жылы Наурыз мерекесі қайта тойлана бастады. Оның жаңғыруына көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібеков көп еңбек сіңірді.

2010 жылы 23 ақпанда БҰҰ Бас ассамблеясы Албания, Ауғанстан, Әзербайжан Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Үндістанның ұсынысымен 21 наурызды «Халықаралық наурыз күні» деп бекітті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: