Аягөзде үйін тасқын бұзған 12 отбасы пәтер кілтін алды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Бүгінде тасқын салдарынан 140 үйдің ауласына су кіріп, 14 үй құлағаны, 18 үйдің апаттық жағдайға түскені анықталды.

Аягөзде үйін су басқан 12 отбасы жаңа пәтерге кірді. Баспана кілтін облыстың әкімі Даниал Ахметов тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыздың қарсаңында тасқыннан зардап шеккен аягөздіктер жағымды жаңалыққа кенелді. 12 отбасы облыс әкімінің қолынан жаңа пәтерлердің кілтін алды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-03/thumbs/1521542694_00.jpg

-Аз ғана уақыттың ішінде 12 пәтердің кілтін табыстап отырмыз. Бұйырса, енді бір он күннен соң тағы да 15 отбасы жаңа баспанаға көшеді. Тек сәл шыдамдылық танытыңыздар. Сіздердің осындай қуанышты жүздеріңізді көру біз үшін де бір бақыт» - деді Даниал Ахметов.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-03/thumbs/1521542747_000.jpg

Пәтер алған отбасылар атынан Айгүл Сайфуллина, Лилия Нанковская және Меруерт Дүтбаева алғыс айтты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-03/thumbs/1521542670_0000.jpg

«Менің үш балам бар. Үйіміз құлағанда далада қалғандай күй кешкенбіз. Сол кезде облыс әкімі өзі келіп, жұбатқан болатын. Уәдесінде тұрып, бүгін жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Тағдырымызға алаңдап, көмек қолын созған барша қазақ еліне аягөздіктер атынан алғыс айтамын», - дейді Меруерт Дүтбаева.

Бүгінде тасқын салдарынан 140 үйдің ауласына су кіріп, 14 үй құлағаны, 18 үйдің апаттық жағдайға түскені анықталды. Даниал Ахметов үй-жайы бүлінген ағайынға да көмек көрсетілетінін атады.

Осы апаттың салдарымен күресу үшін құрылған «Аягөз болашақ» қорына 169 млн теңге түсіпті. Оның 100 млн теңгесі облыстық «Парыз» қорынан аударылған. Оның сыртында «Қазақмыс» сияқты алпауыт кәсіпорындар қаржылай көмек беруде. Еліміздің түкпір-түкпірінен 34 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жеткізілген.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-03/thumbs/1521542657_20180320163030.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз