Норвегиядағы су тасқыны кезінде қалқыған үй видеоға түсіп қалды
SHOT Telegram арнасының хабарлауынша, күшті Ганс дауылынан кейін Хемседалда бөгет жартылай опырылған. Оқиғадан кейін көшкін басталды, су басқан аймақтан мыңдаған адам эвакуацияланды. Қаза болғандар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Бірақ үйдің қалқып бара жатқаны туралы видео желіде тарап кетті.
Оқиға куәгерлері өзенге ағып кеткен тұрғын үйдің көпірге ұрылған сәтін түсіріп алған.
Норвегияның оңтүстігінде жауған нөсер жауынның салдарынан таулы аймақта көшкін мен су тасқыны орын алып, ағыстың төменгі жағындағы тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр етті, деп хабарлайды шенеуніктер. Бөгет жартылай жарылғаны айтылады. Бастапқыда билік елді мекендерді су басып кетпеу үшін Браскерейдфосс су электр станциясындағы бөгеттің бір бөлігін жару мүмкіндігін қарастырған. Полиция өкілі Фредрик Томсон журналистерге берген сұхбатында бұл идеядан құрылысты су жарып өткеннен кейін бас тартылды.