Қытай мен Йемен жерінде алапат су тасқыны болды
Сурет: pixabay
Қытайдың солтүстігінде алапат тасқын. Соңғы мәліметке қарағанда, Шэньси провинциясында көшелер өзенге айналып, машиналарды су шайып әкеткен. Бес құрылысшы жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұнда тамыздың 10-да басталған дауыл кеше нөсер жауынға ұласты. Жергілікті тұрғындар биылдыққа мұндай қатты жаңбырды көрмегендерін айтады, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал Йемен астанасы САнада тасқыннан 19 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланды. Бұл апатқа да төпелеп жауған жаңбыр себепші. Мұнда топан су мен лай көшкінінен үйлер, жолдар мен көпірлер бұзылған.
Соғыс жүріп жатқан мемлекетте жауындар маусымы шілденің ортасында басталды. Содан бері мерт болғандар мен зардап шеккендер саны 90-ға жақындап қалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript