Жаңалықтар тізбегі
0

Қонаевтың көлігі көрмеге қойылды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2018 18:19 www.inform.kz
Раритетке айналған көліктердің барлығы жергілікті тұрғын, кәсіпкер Мұрат Сергебаевқа тиесілі.

Қапшағайлықтар Наурыз мерекесін сән-салтанатпен атап өтуде. Шаһарда Ұлыстың ұлы мерекесіне орай көне көліктердің көрмесі ұйымдастырылды. Ескі үлгідегі автокөліктердің ішінде Дінмұхамед Қонаев мінген машина да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Раритетке айналған көліктердің барлығы жергілікті тұрғын, кәсіпкер Мұрат Сергебаевқа тиесілі. Оның айтуынша, ескі машиналардың коллекциясын жинау - оның хоббиі. Көрмеге келген жұрт естелік суреттерге түсіп жатты.

"Менде ескі үлгідегі осындай 17 көлік бар. Ішіндегі мен үшін ең қымбаты Дінмұхамед Қонаев атамыздың "Чайка" автокөлігі. Қазақтың біртуар перзенті 014 номерімен тұрған мына көлікті 1985 жылға дейін мінген. Оған "Додж" автокөлігінің қозғалтқышын орнатып, қалпына келтірдім. Көрмеге қойылған автокөліктердің барлығы жүріп тұр", - деді М.Сергебаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: