Көкшетауда бір түнде бірнеше көлікті зақымдаған бұзақы ұсталды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2018 20:31 ҚазАқпарат
22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Көкшетауда бір түнде бірнеше көлікті зақымдаған бұзақы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне қала тұрғыны хабарласып, тұрғын үйдің ауласында тұрған көлігін белгісіз біреу зақымдап кеткенін айтқан.

«Жедел іздестіру шарасы барысында 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті ішімдік ішіп алып, төрт көліктің терезесін сындырған. Екі көліктің салонынан жүргізушінің жеке заттары мен ақшасын үптеп кетті» деп түсіндірді полицейлер.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлімі бойынша соталды өндірістік іс қозғалды. Ұрланған заттар тәркіленді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: