ШҚО-ның тағы екі ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

imgsmail.ru imgsmail.ru
Катонқарағай ауданында 10 үй мен 35 аулаға су жайылған.

Шығыс Қазақстанның Шемонаиха және Катонқарағай аудандарында да жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, екі ауданда да «жоғары дайындық» режімі жарияланған. Яғни, барлық азаматтық қорғаныс құрылымдары тасқын қаупі сейілгенше күшейтілген режімде жұмыс істейтін болады.

Катонқарағай ауданында 10 үй мен 35 аулаға су жайылған.

«Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылына жергілікті халық Сурка деп атап кеткен шағын өзеннен қауіп төнген болатын. Қазір өзен арнасына қайтты. Ауылдың ішінде 11-ден астам техника жұмыс істеп жүр. Жауын басылғанымен күн бұлттап тұр. Әзірге жағдай тұрақты» - дейді Үлкен нарын ауылдық округінің әкімі Абайхан Ахметов.

Су басқан үйлерден 44 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, туысқандары мен жатақханаға орналастырылды. Апат орнында жергілікті атқарушы органдардың 58 қызметкері мен №36 өрт сөндіру бөлімінің 18 сарбазы жұмыс істеуде. Олар үйлерге аққан судың жолын құмқаппен бөгеуде. Су басқан учаскелердің жағдайын бақылайтын жұмыс тобы да құрылды.

«Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылында да қарғын сумен күрес жүріп жатыр. Мұнда 68 үйдің ауласына су кіріп, 1 ересек адам мен 3 бала ауыл мектебіне орналастырылды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен өрт сөндірушілер аулаларға жайылған суды сорғытуда» - делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, облыстағы Глубокое ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз