Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Дәмханадағы лағман мен самса есек етінен жасалғаны әшкере болды

Құқық қорғаушылар қоғамдық тамақтану орындарына есек етін жеткізген қылмыстық топты ұстады.

Сурет : sputniknews.kz26 Наурыз 2018, 10:24

Өзбекстанның Ферғана қаласында есек сойып сатқандардың ісі әшкере болып, үлкен дау тудырды, деп хабарлады sputniknews.kz.

"Узбекистан 24" телеарнасы Ферғанадағы бірқатар қоғамдық тамақтану орны есек етін сатып алып, сиыр және қой етінің орнына пайдаланғаны туралы видеоролик көрсетті.

Қылмыстық банданың үш мүшесі есектерді 250-300 мың сумнан (шамамен 10 – 12 мың теңге) сатып алып, оларды боршалап, дәмханаға келісін 25-30 мың сумнан (шамамен 1 – 1,2 мың теңге) сатқан.

Олардың клиенті негізінен Тошлок ауданындағы "Ягона" дәмханасы мен Ферғанадағы Мурод Тургуновтың асханасы болған.

Бағдарламада есек етін басқа еттен түріне қарап та, дәмі мен иісінен де ажыратуға болатыны айтылған. Сондықтан аспаз бен мейрамхана бизнесімен айналысатын адам қандай жануардың етін сатып алып жүргенін жақсы білген.

Айта кетейік, Исламда есек еті лас болып есептеледі және тамақ ретінде пайдалануға тыйым салынады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер