Алматылық құтқарушылар су тасқынын жоюға көмектесу үшін ШҚО-ға кетті

26 Наурыз 2018, 11:19
Сурет: Baq.kz 

Құтқарушылар өздерімен бірге 15 мотопомп, резенке қайық, суға түсу үшін және альпенизмге арналған жабдықтар, спутниктік телефондар мен GPS навигатор ала кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің құтқарушылары қардың кенеттен еруі нәтижесінде болған су тасқынымен күресуге, сондай-ақ апатты-құтқару мен кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстарды атқару үшін ШҚО-ға жіберілді.

Құтқарушылар құрамы жоғары білікті мамандардан тұрады, сонымен қатар тұрғындарға дәрігер қарауына дейін алғашқы медициналық көмек көрсете алатын медициналық мамандар да бар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?