Қытай Қазақстанға коронавируспен күресуге көмектесу үшін бір топ дәрігерін жібереді

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2020 01:41 ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Делегация құрамында коронавирус инфекциясының алдын-алу және коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуде үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер болады.

Қытай ҚазақстанғаCOVID-19 вирусымен күресуде қолдау көрсету үшін дәрігерлерін жібереді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, делегация құрамында коронавирус инфекциясының алдын-алу және коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуде үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер болады.

Мамандар консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді. Медициналық топ құрамында келесі мамандықтар бойынша үш маманнан болады: пульмонология, инфекция, қарқынды терапия, эпидемиология, қоғамдық-денсаулық сақтау саласы және т.б. Қытайдан дәрігерлерді алып келу үшін сәуір айының басында арнайы Нұр-Сұлтаннан ұшақ шығару жайы ұйымдастырылады.

Шетелдік дәрігерлер 9 сәуірде келеді деп жоспарланған, делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші жүгі келеді деп күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: