8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау және ПТР талабы жойылады

Вакцинация паспорты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 11:49 Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талабы алынады.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия мынандай шешімдер қабылдады:

  • Бірінші: биыл 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну талабын алып тастау;

  • Екінші: республиканың жеті өңіріндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: