Қостанайда оқушы қызды өлтірген ер адам ауруханадан шығады

26 Наурыз 2018, 12:17
Сурет: sputniknews.kz

Қостанайда оқушы қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ауруханадан шығарады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері хабарлағандай, 15 жастағы оқушы қызды өлтірді деп айыпталып отырған ер адам бүгін шығарылады.

"Ол әрі қарай амбулаторлық ем қабылдайды. Біз оған шұғыл операция жасадық, отадан кейінгі емді де алды", — деді Юрий Моисеев.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда 18 наурызда оқушы қызды өлтіріп кеткен болатын.

Қыздың 44 жастағы әкесі әйелін өлтіргені үшін түрмеде отырып шыққан.

Бірнеше күннен кейін полиция күдікті ұсталғанын хабарлады. Ал жергілікті БАҚ ұсталған адамның қыздың әкесі екенін жазды. Ол пышақ жарақатымен ауруханада жатыр, оны полицейлер күзетіп отыр. Қостанай тұрғыны ең алдымен қызын, одан кейін өзін пышақтауы мүмкін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?