Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақмола облысында көктайғақта жолда қалған 187 адам құтқарылды

Апаттық-құтқару жұмыстары Бурабай, Атбасар, Есіл және Ереймантау ауданы аумақтарында жүргізілді.

Сурет : www.24.kz26 Наурыз 2018, 17:08

Ақмола облысының аумағында көктайғаққа байланысты жолда қалған 187 жолаушы аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді. Олардың 13-і бала, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Апаттық-құтқару жұмыстары Бурабай, Атбасар, Есіл және Ереймантау ауданы аумақтарында жүргізілді.

Мәселен, бір ғана Атбасар ауданында екі бірдей жолаушылар автобусынан 63 адам құтқарылса, Есіл ауданының тұсында тағы осындай екі үлкен автобустағы 98 жолаушы жылыну орталықтарына жеткізілген.

Құтқарушылардың айтуынша, жолда қалған адамның барлығы дін аман. Айта кетейік, 26 наурызға қараған түні Ақмола облысында көктайғаққа байланысты барлық бағыттағы жол жабылды.

Жанат Ғабдуллин, облыстық ТЖД басқарма басшысының міндетін атқарушы: - Бүгін таңертең жолдар ашылып, жолаушылар қайтадан сапарларын жалғастырды. Қазір аймақтағы барлық төтенше жағдай қызметкерлері дабылды ескертуге байланысты күндіз түні кезекшілікте. Жылыну бекеттері де қай кезде болсын дайын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер