Жаңалықтар тізбегі
0

Министр қазақстандықтардың қанша пайызы қазақ тілін білетінін айтты

turkystan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2018 18:30 turkystan.kz
Өткен жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесі 83,1 пайызға жеткен.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жыл сайынғы зерттеу қазақстандықтардың дені мемлекеттік тілді меңгергенін көрсеткен.

"2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 83,1 пайызды құрады, ал 2016 жылы одан да аз болатын. Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 22,3 пайызды құрады. Үш тілді меңгеру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру мақсатында ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды", — деді Мұхамедиұлы.

Министр былтыр жоба аясында орталық атқарушы органдарда мемлекеттік тілді оқыту курсына 610 адам қатысқанын атап өтті. Сонымен қатар республикада 89 аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.

"Оқыту орталықтары Тіл туралы заңға сәйкес Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі мақсатында оқыту курстарын ұйымдастырады. Осы мақсатта 2017 жылы тіл оқыту орталықтарында 58 мың 348 адам мемлекеттік тіл оқыту курстарынан өтті. Қазтест жүйесі негізінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында 2017 жылы тестілеуден өткендердің жалпы саны – 94 458 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 22837 адам", — деді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: