Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдегі азық-түліктің қанша пайызы "халал"

islam.kz islam.kz
2017 жылы әлемдегі мұсылмандар қарасы 1,8 млрд адамға жеткен.

Енді бірер жылдан кейін, дәлірегі, 2030 жылдарға қарай әлемдегі азық-түліктің үштен бірі, яғни, 30%-ы шариғат талаптарына сай дайындалады. Яғни, "халал" азық-түлік үлесі әлем бойынша артады.

Бұл жайында Еуроазия аймағында ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тойып тамақтану жөніндегі халықаралық жиында ауыл шаруашылығы экономикасының бүкіл ресейлік ғылыми-зерттеу институты жанындағы Еуроазиялық экономикалық қауымдастықтың аграрлық орталық жетекшісі Владимир Тарасов мәлім етті.

Оның есебінше, 2017 жылы әлемдегі мұсылмандар қарасы 1,8 млрд адамға жеткен. Бұл көрсеткіш адамзаттың шамамен 23%-ын құрайды.

Сарапшылардың есебінше, 2025 жылы халал азық-түлік өнімдері әлемдегі азық-түлік нарығының төрттен бірін иеленетін болады.

Ал 2030 жылға қарай үштен біріне жетеді.

Дереккөз: islam.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз